Райымбек батырдың соңғы соғысы болған жерге ескерткіш тақта орнатылды

Фото: None
ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат – Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихы терең Түргенкент орнында ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Панфиловауданы орталығы – Жаркент қаласы мен осы өңірдегі ең ірі елді мекен – Көкталауылын жалғайтын күре жолдың бойындағы Түргенкент тарихи орны бар. Кенттің орны, айнала қоршаған дуалы, қорғантүбінен дұшпан шабуылына қарсы қазылғансу толтыратын ордың сілемі қазірдің өзінде айқын көрініп жатыр. Сонау 1856 жылыҚашқарияға жасаған әйгілі сапары кезінде зерттеуші жиһанкезі Шоқан Уәлиханов өз қолымен сызған Жаркентөңірі картасында бұл кенттің орны нақты көрсетіліп, атауы да анық жазылған.

Бұл жерде талай-талай оқиғалар орын алғаны тарихтанбелгілі. Соның бірі - «Ақтабан шұбырынды» зобалаңының ақырғы шайқасы. XVIIIғасырдың екінші жартысында Райымбек батырдың қолы қалмақтарды осы араданҚытаймен шекарадағы қазіргі Қорғас өзенінен асыра қуып тастайды. Бұл шайқасқаСуанның атақты Аралбай, Сатай, Бөлек батырлары да қатысып, туған жер, туғанелін басқыншылардан азат етуге атсалысқан. Райымбек батыр осы ұрыста улы жебеден жараланған деген деректер бар. Бұлтуралы жазушы жерлесіміз, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты БексұлтанНұржекеұлының зерттеу мақалаларында жазды.

Күре жолдың бойынаорнатылған көрнекті тақтаға осынау тарихи жағдай жөнінде айшықты етіп жазылған. Ескерткіш тақтаны аудандағы«Мейірім» мекемесінің басшысы Амантай Раев бастамашы болып орнатқан.

Соңғы жаңалықтар