«Ол «RBK Bank» АҚ директорлар кеңесі өкілінің бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевпен сөз байласып, заңсыз несие ресімдеу арқылы банктің 850 млн теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражаттарын жымқырды деген күдікке ілікті», - делінген хабарламада.
Игілман аталған соманы 15 мың теңгесі бар депозиттік есепті кепілдікке ұсынып, 2013 жылы алған. Ұрланған қаражаттар банктің топ-менеджменті және жұмысшылары арасында бонус түрінде бөліске салынған.
Игілман өзінің үлесіне Алматы қаласының қымбат ауданынан 288 миллион теңгенің үйін салып алған.
Қазіргі кезде оның үйі де арестке қойылды.
Бұрын Бас прокуратура банктің 4 топ-менеджері - Данияр Туғанбай, Данияр Едігенев, Руслан Батырбаев және Бақыт Ибрагимдерді ұстаған болатын. Олардың барлығы айыбын мойындап, келтірілген залалды өтеуге атсалысып жатыр.