Р.Diddy 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото: ABC News

АСТАНА.KAZINFORM — P. Diddy лақап атымен белгілі америкалық рэпер Шон Комбс өмір бойына бас бостандығынан айыра жаздаған ауыр айыптаулардан ақталып шықты, деп хабарлайды Associated Press

Сот алқасы 55 жастағы әнші әрі продюсерді жыныстық қанау мақсатында қылмыстық кәсіпкерлікті ұйымдастырды және адам саудасын жасады деген айыптаулардан ақтады. Бұл айыптар бойынша ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Оған жеңіл айып тағылды. Сот алқасы оны бұрынғы ғашығы Кассандра Вентура мен жезөкшелікпен айналысатын тағы бір құрбанды тасымалдады деген айып бойынша кінәлі деп тапты. Бұл айыптар бойынша ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Адвокат реперді сот үкімі шыққанша 1 миллион доллар кепілдікке босатуды сұрады. Бірақ сот кепілдемеден бас тартты. Ол 3 қазанға белгіленген соңғы үкім шыққанша қамауда болады.

Айта кетейік, бұған дейін P.Diddy-ді сотқа бергендердің саны көбейгенін жаздық