Реактивтік джетпак көмегімен адам 3,5 минут әуеге көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - JetPack Aviation компаниясы джетпак JB10 қрылғысын жұрт назарына ұсынды. Арқаға асылатын зымырандық құрылғымен алғаш рет адамның ұшуы Ютуб видеохостингінде жария етілді.

Джетпак - арқаға асылып құрылғы түрінде жасалған жеке ұшу аппараты. Былтыр екі компания осындай ұшу аппаратын жасайтынын мәлім еткен болатын. Көптеген джетпактерде қозғалытқышы реактивті болмаса да оны көпшілік зымырандық құрылғы деп атап кеткен.

Жаңа JB10джетпагін көпшілікке таныстыру кезінде компанияны құрушы және ұшқыш Дэвид Мейман құрылғы көмегімен су бетінде ұшып, бірнеше маневр жасап еркін келіп қайта қонды. Ұшу үш жарым минутқа созылды. Оны жағалаудағы орнатылған бірнеше камера түсірді.