Реал Мадрид, Бавария, Тоттенхэм ойнайтын әлемдік турнирдің музыкасын қазақстандық композитор жазды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық композитор әрі музыка әрлеушісі Сырым Нәбиқұловты «Audi Cup 2019» турнирінің ұйымдастырушылары арнайы шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Музыкамен кәсібитүрде 10 жылдан астам уақыт айналысып келемін. Біраз жылдар Германияның Мюнхенқаласында тұрдым. Отанға оралғаныма 10 жылға таяп қалды. Бұл футбол турнирі екіжылда бір рет өткізіледі. Биылғы ұйымдастырушылар тарапынан айтулы спортшарасының ашылу салтанатының музыкасын жазу ұсынысы келіп түсті. Турниргеәлемнің 200 елінен 1 млрд-тан астам адам келеді деп күтілуде», -дедікомпозитор, музыка әрлеушісі Сырым Нәбиқұлов.

Оның айтуынша,«Audi Cup 2019» турнирінің композиясын жазуға 1 айға жуық уақыт жұмсалған.

«Мен жазғанмузыканың ойнауымен турнир салтанатты түрде ашылады және марапаттау сәтіндеойналатын болады. Шығарманы 1 айға жуық жазып, әрлеп біткен соңұйымдастырушылардың келісімі мен бекітуін күттік. Нәтижесінде менің шығармамдыеш кедергісіз қабылдады. Бұған дейін жүзеге асырған ірі жобаларымның бірі 2017жылы Алматыда өткен Универсиада спорт жарысының ашылуы салтанатының қойылымындайындадым», - деді ол.

Айта кетсек, алдағы30-31 шілде күні Мюнхеннің «Allianz Arena» стадионында өтетін «Audi Cup» екікүндік футбол турнирі алғаш 2009 жылы ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар