Жартылай финалдың екінші жұбында «Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия) шеберлік байқасты.
Ойын барысында испаниялық клуб гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Дегенмен алдымен голды «Манчестер Сити» футболшысы Рияд Марез 73-минутта соғып кетті.
Оған «Реал Мадрид» сапынан Родриго 90, 91-минуттарда қос голмен жауап берді.
Төреші қосқан овертаймда Карим Бензема 95-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Испаниялық клуб қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Манчестер Сити» 4:3 есебімен жеңген болатын.
Қос ойынның қорытындысымен «Реал Мадрид» финалға жолдама алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын финалға Англияның «Ливерпуль» командасы шықты. Олар жартылай финалда Испанияның «Вильярреалын» (2:0, 3:2) сүріндірді.
Айта кетсек, Чемпиондар лигасы финалына «Реал Мадрид» 17 мәрте шығып, оның 13-де кубокты төбесіне көтерді.
Ал «Ливерпуль» жарыстың аталған сатысында 10 мәрте бақ сынап, 6-да жеңімпаза атанды.
Финал 28 мамырда Францияның «Стад де Франс» стадионында өткізіледі.