Бірінші таймда командалар сақтықпен ойнады. Бірақ бұл тактика стратегиялық маңызды позицияларда ойнайтын футболшыларды жарақаттан сақтамады. Доп үшін талас кезінде алдымен Мұхаммед Салах, артынша Карвахаль жарақат алып, ойынды ерте аяқтады.
51-минутта «Ливерпуль» қақпашысы Лорис Кариустың өрескел қателігінен соң Карим Бензема есеп ашты. Араға 4 минут салып, Садьо Мане есепті теңестірді. Иско Аларконның орнына тыңнан ойынға қосылған Гарет Бейл 64-минутта керемет гол соғып, командасын алға бастады. Ал 83-минутта Бейлдің алыстан пәрмендеп соққан добын Кариус қайтаруға қауқарсыз болды.
Осылайша, Зинедин Зиданның ұжымы Десимотерсероға, яғни 13-ші айқұлақ кубокқа қол жеткізді.