«Реал Мадрид» бүгін Алматыға толық құрамда келді. Матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз командасы үшін бұл ойында тұрақты ойнау маңызды екенін атап өтті.
— «Реал Мадрид» секілді клубта кемшіліктер аз. Бірақ олардың ойынын талдай отырып, кей осал тұстарын таптық. Бірақ оны қалай пайдаланамыз — ол бізге сұрақ. Қазір сіздерге оны нақты айта алмаймын, бұл құпия, ертең бәрін өздеріңіз көресіздер. Егер қолымыздан келсе, онда дұрыс пайдаланғанымыз. Бірақ қарсылас — мықты команда, біз мұны жақсы түсінеміз және қиын болатынын білеміз. Дегенмен, көріп-білгенімізді қолдануға тырысамыз, — деді ол.
Сондай-ақ Рафаэль Уразбахтин алдағы ойында жанкүйерлердің жалынды қолдауын күтетінін айтты.
— Барлық жақсы нәтижелеріміз — біздің жанкүйерлерге де байланысты. Олар бізге ел біріншілігінде және Чемпиондар лигасында өткен матчтарда көп көмектесті, біз мұны жақсы түсінеміз. Ертең де қолдау күтеміз, — деді бапкер.
«Қайрат» қорғаушысы Егор Сорокин командалық жұмыс пен тәртіптің арқасында нәтижеге қол жеткізуге болатынын айтты.
— Себебі тәртіп — шеберлікті жеңеді. Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдаланамыз. Сонымен қатар біздің қару стандартты жағдайлар болады. Сол әрекеттердің арқасында оң нәтижеге қол жеткізе аламыз және сол үшін бар күшімізді саламыз, — деп ойыншы.
Еске салайық, бұған дейін «Реал Мадрид» Алматыға келгенін жазғанбыз.