«Реалдың» қақпашысы сүйіктісіне 2,5 млн. еуроның вилласын сыйға тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» және Испания құрамасының қақпашысы Икер Касильяс Рождествода өзінің сүйіктісі - тележүргізуші Сара Карбонероға астана маңындағы Посуэло-де-Аларконеден вилланы тарту етті, деп хабарлады Lenta.ru Eurosport-қа сілтеме жасап.

Жаңа үйде бес жатын бөлмесі, алты жуынатын бөлме, екі қонақ бөлмесі, екі асхана және үлкен бақ бар. Бұдан бұрын вилланың иесі жұлдызды жұп - Альберто Мартини мен тележүргізуші Лидия Бош болған еді.

Мәдениет пен өнер қайраткерлері айырылысқаннан кейін бұл үйді 2 миллион 600 мың еуроға сатпақшы болды, бірақта кейіннен «Реал» қақпашысына 100 мың еуроға жеңілдік жасады.

Дереккөздің хабарлауынша, Касильяс өзінің баспанасын ауыстырғысы келмеген, бірақ та көшуге оның сүйіктісі көндірген. Екеуінің сүйіспеншілігі басталғалы футболшы тұрғын үйін үш рет ауыстырды.

Сара Карбонеро испандық телекарналардың бірінде ОАР-дағы 2010 жылғы мундиалдағы команданың жеңісінен кейін сұхбат алу үстінде тікелей эфир кезінде Касильяс сүйгеннен кейін әлемге танымал болып кетті.