«Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема Вальбуэнаны бопсалағанын мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема тергеу кезінде ұлттық құрамадағы әріптесін бопсалау фактісіне өзінің қатыстылығын мойындады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Карим Бензема ұлттық командадағы әріптесі Матье Вальбуэнаны бопсалауға қатысы бар екенін мойындады. Қаскүнемдер өткен маусымда «Лионның» жартылай қорғаушысынан ақша бопсалаған. Егер ақша бермеген жағдайда, олар Вальбуэенаның интимдік сипаттағы видеосын Интернетке салып жібермек болып қорқытқан. Карим Бензема жоспарланған қылмыстың қатысушысы. Бопсаны ұйымдастырып жүрген Франция құрамасының бұрынғы футболшысы Джибриль Сиссе болып шықты.