Референдум-2024: Өзбекстандағы Қазақстан азаматтарының 14% таңдау жасап үлгерді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары АЭС салу мәселесі бойынша референдумда белсенді дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Сағат 11:00-дегі ақпаратқа сай, Ташкенттегі №399 референдум учаскесінде сайлаушылар тізіміне енген 600 қазақстандықтың 14% дауыс берді.

Аталған учаскеге Ташкенттегі жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, Өзбекстанда уақытша жұмыс істейтін және тұратын отандастарымыз, қазақстандық туристер мен іссапарда жүрген азаматтар келіп жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін аталған учаскеде алғаш болып дауыс берген қазақстандық Зәмзә Хайруллина «елдік мәселелерде таңдау жасаудан қалыс қалмай, азаматтық ұстанымын білдіру маңызды», деп пікір білдіріп еді.

Бұған қоса, Өзбекстанға жарысқа келген қазақстандық спортшылар да өз таңдауын №399 референдум учаскесінде жасады.

Еске салайық, Ташкент қаласындағы №399 референдум учаскесі Қазақстан Республикасының елшілгі ғимаратында (Абай көшесі, 1) орналасқан. Онда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады.