Сағат 14:00-ге дейін шет елдерде Қазақстанның 66 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп 248 адам дауыс берді.
Түркияның жан-жағынан білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысып жатыр.
Елшілікте дауыс беріп жатқан жастар еліне деген сағынышын ән-күймен жеткізіп, ерекше көңіл-күй сыйлап жатыр.
Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары екенін жазған едік.
Айта кетелік әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр.