Бүгін Астанада «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жиынында «Человек и Закон» газетінің бас редакторы, Еуропалық құқықтық сараптама институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов осылай атап көрсетті.
«Мен Қазақстандағы заңгерлер қауымдастығының пікірін жеткізгім келеді. Осы аптада референдум тақырыбы аясында заң ғылымдары докторларының қатысуымен көптеген отырыстар, талқылаулар болды. Олар барлық процедуралар лигитимді, заңды, Қазақстанның қазіргі Конституциясына сай деген ортақ ұйғарымға келіп отыр»,-дейді М. Бәшімов.
Оның айтуынша, кейбір елдер Қазақстанда референдум өткізу жөніндегі бастамаға екіұдай көзқараспен қарауда. Дегенмен бұл бастама «жоғарыдан» емес, «төменнен», яғни халықтың өз аузынан шығып жатқан бастама болғандықтан, М. Бәшімов, «халықаралық қауымдастық қазақстандықтардың таңдауына құрметпен қарауы тиіс» деп есептейді.
«Бастапқыда осы мәселеге қатысты екіұшты пікірлер болғаны рас. Дегенмен теорияда тек бір принцип бар - ол халық билігі. Биліктің көзі - халық. Ал халық өз еріктерін бағытын екі түрде - референдум және сайлау арқылы анықтайды. Егер бізде электораттың жартысынан астамы, 5 млн. қазақстандық осы жолды таңдаса, референдум шарасы - біздің Конституциямен белгіленген лигитимді әрі заңды деп айтуға болады»,-деп түйіндеді сөзін ол.