Алматы қаласында №61993 әскери бөлімінің десанттық шабуылдау әскерінде борышын өтеп келген жігіт саяси науқанда өз таңдауының ел ертеңі үшін маңызды екенін тілге тиек етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес, бүгін еліміздің барлық өңірінде референдум өтіп жатыр. Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 дауыс беру учаскелерінде 56 405 дауыс беруші тіркелген.
Еске сала кетейік, бұған дейін референдумда 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кезекшілік етіп жатқанын жазған едік.