Референдум мәселесі арқылы Қазақстан өзінің дұрыс жолды таңдағанын көрсетіп отыр - И. Агакишев

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Референдум арқылы Қазақстан өзінің дұрыс жолды таңдағанын көрсетіп отыр.

Бүгін Астанада «Посткеңестік дамудың 20 жылдығы: нәтижелер мен жаңа үрдістер» атты тақырыпта өткен Еуразиялық сарапшылар жиыны барысында Ресей-Әзірбайжан сараптау кеңесі бас директорының орынбасары Исмаил Агакишев осылай мәлім етті.

«Демократия - бұл халық билігі. Олай болса, бүгінгі күні Қазақстан халқының елді басқару билігін кімге сеніп тапсыратынын өздері шешуге ұмтылуы мақтан тұтарлық жайт әрі нағыз демократиялық үдеріс. Осының өзі Қазақ елінің дұрыс жолды таңдағанын көрсетеді. Ең бастысы, бұндай үрдіс посткеңестік кеңістікте маңызды орын алады», - деді И. Агакишев.

Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың ТМД кеңістігі бойынша аймақтық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі, ықпалдастық үдерістердегі рөлі айрықша. «Жалпы, референдум мәселесі, сол бағытта қабылданған шешімдер тікелей халықтың қалауы болғандықтан бұл аса жоғары заңдық күшке ие болады», - деді ол.