Референдум мәселесі бойынша қоғамның көңіл-күйін білуге арналған әлеуметтік өлшемдердің негізгі нәтижелері

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылғы қаңтар айының ішінде бірқатар қазақстандық ұйымдар азаматтармен ҚР Президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу туралы бастамаға байланысты әлеуметтік сауалнама жүргізген еді.

Сауалнаманың нәтижесі мынадай: Егер референдум өткізу туралы оң шешім қабылданған жағдайда - респонденттердің 85 пайызы дауыс беруге қатысуға дайын. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізуді сауалнамаға қатысқандардың 93 пайызы қолдап отыр.