Бүгін Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілген «Н. Назарбаев - ұлт бірлігі мен Қазақстанның жарқын болашағының негізін қалаушы» тақырыбындағы жиын барысында «Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы Әнуарбек Ералы осылай мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, аталған жиын ҚР Президентінің өкілеттігін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастаманы қолдау мақсатында өткізіліп отыр.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, референдумды тағайындау үшін барлық облыстардан 12,5 мыңнан астам қол жиналуы, яғни 200 мың адамның қолы болуы тиіс. Алайда, іс жүзінде бұл одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені, Елбасының жүзеге асырып жатқан реформаларына бір жағынан халық разы болса, екінші жағынан алдағы асуларымыз әлі де асқақ. Сондықтан, қолға алынған іс аяғына дейін жетуі керек, халық та өзі қатысқан жоспарлардың жүзеге асқанын көргісі келеді», - деді Ә. Ералы.