«Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есеп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.
Айта кетейік, өткен аптада Орталық референдум комиссиясы белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.