Түркістан облысының тұрғындары дауыс беру учаскелерінің маңында селфиге түсіп, #референдумғакел, #дауысбер сынды хештэгтермен әлеуметтік желілерге жариялап, конкурсқа қатысуда. Жеңімпаздарды анықтау ашық түрде өтпек. Яғни, кез-келген дауыс беруші өз парақшасына сурет салып, хештэг қою арқылы, түрлі сыйлықтарға ие болады.
Ол үшін дауыс беру учаскелерінде арнайы фотоаймақ жасалған. Онда «Мен өз таңдауымды жасадым», «Әр азаматтың дауысы маңызды» деген ұран сөздер бар. Фото аймақтар арнайы гүлдермен және шарлармен арнайы безендірілген.
Айта кетсек, облыста 1 млн 180 мыңнан аса дауыс беруші бар. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеп жатыр.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, АЭс салу жөніндегі референдумда еліміз бойынша 7,5 млн адам дауыс берген.