Ұлыбританияда уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан азаматтарымыз бүгін бұрын-соңды болмаған белсенділік танытты. Лондон қазақтарынан бөлек алыс-жақын қалалардан көптеген отандасымыз келді. Олардың басым бөлігі “Болашақ” бағдарламасының стипендиаттары. Тағылымдамадан өтіп жатқан ғалымдар дауыс та берді; Қазақстанның туын желбіретіп, елшілік алдында фотоға да түсті. Референдумға қанша адам қатысқаны туралы және оның қорытындысын комиссия мүшелері ертең жариялайды.
“Біз отбасымызбен бірге “500 ғалым” жобасы аясында Англияның Рединг қаласындағы Рединг университетінде 11 айға тағылымдамадан өтіп жатырмыз. Елдің ертеңін ойлап, өз таңдауымызды жасау үшін сайлауға қатысуды отбасымызбен жөн деп санадық және өз таңдауымызды жасадық”, - деді ғалымдардың бірі Алтынбек Мошқалов.