Референдумда дауыс саны 50 пайыздан асса, халық АЭС құрылысын қолдайды деген сөз – Ерлан Саиров

Фото: Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Референдумда дауыс саны 50 пайыздан артық болса, онда халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдайды деген сөз. Мұндай пікірді Президент Жолдауынан кейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров білдірді.

«Бізде – демократия. Сондықтан бір жылдың ішінде жан-жақты талқыланды. Демократия болғандықтан, жақтаушылар да, қарсылық танытушылар да болады. Меніңше, АЭС Қазақстанға қажет. Өйткені, экономика дамып келе жатыр. Экономика дамығанмен оған жеткілікті энергия көздері жоқ. Электр энергиясын Ресейден импорттап отырмыз. Мұның үстіне импорт қымбатқа түседі. Ал азаматтардың дауысының естілгені не естілмегені алдағы 6 қазанда белгілі болады. Егер референдумда дауыс саны 50 пайыздан артық болса, онда халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдайды деген сөз», - деді Ерлан Саиров.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтетіндігін жария етті.