Референдумда Пуэрто-Риконы АҚШ-қа қосу жөнінде шешім қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пуэрто-Рико тұрғындары референдумда аралды Америкаға қосу және оны 51-інші америка штаты ету туралы АҚШ конгресіне жолданған үндеуді қабылдады.

Қазір Пуэрто-Рико АҚШ-тың еркін қауымдасқан мемлекеті ретінде белгілі.

Референдумға қатысушылар небәрі 23 % құрады. Сайлау учаскелеріне келгендердің 97% АҚШ-қа қосылуды қолдады. Референдум нәтижесі Пуэрто-Рико билігіне қосылуды міндеттемейді. Оның үстіне соңғы шешімді АҚШ конгресі қабылдайтын болады.