454 босанған және жүкті әйелдер азаматтық белсенділік танытып, рефендумнан шет қалмады.
Референдум күні мегаполис перзентханаларында 43 нәресте өмір есігін ашты. Түнгі сағат 24 :00-ге дейін тағы да сәбилер дүниеге келуі мүмкін.
Жас аналар референдум - балаларымыздың болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті.
Алматы қаласында барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Олар 20:00-ге дейін ашық болады.
Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беріп жатыр.
Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:
— Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе ?
Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:
— «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».