ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қарамановтың айтуынша, дауыс беру күні жалпы 2 бұзушылық анықталды. Бұл заңсыз сауал мен заңсыз үгіт жүргізуге қатысты. Барлық жағдайда азаматтар өз кінәларын мойындады, оларға әкімшілік айыппұлдар салынды.
«Осы сағатта прокуратура органдарына 3 өтініш түсті. Жолданымдарда азаматтар дауыс беру процесі мен учаскелік референдум комиссияларының атауларын қозғаған. Осыған байланысты прокурорлар барлық жолданымдарды құзыреті бойынша аумақтық референдум комиссияларына жолдады. Сот орындарына талап-арыздар түспеген», - деді Б. Қараманов Орталық коммуникациялар қызметінде.
ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жалғастырып жатқанын атап өтті.
«Ішкі істер органдары қойылған міндеттерді тиісті деңгейде орындап шыққанын атап өтуге болады. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда, сондай-ақ байқаушылардың қауіпсіз жұмысы және азаматтардың референдумға еркін қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Референдумның 10 мың учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Қазіргі уақытта дауыстарды санау жалғасуда, референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.
Оның айтуынша, дауыстарды санау аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері аумақтық референдум комиссияларына бюллетеньдер мен хаттамаларды жеткізуді сүйемелдейді.