Мұндай пікірді ҚазАқпараттың Мәскеудегі арнаулы тілшісі Медет Ахметовке беларусь ғалым-экономисі, экономика ғылымдарының докторы, Беларусь мемлекеттік университеті халықаралық қатынастар факультетінің професссор Леонид Давыденко білдірді.
«Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Парламент арасында өз өкілеттігінің бір бөлігін қайта бөлуді жүргізуі дұрыс әрі тиімді. Ол өзге стратегиялық бағыттармен айналысып, елдің маңызды мәселелерін реттеуге мүмкіндік алады», - деді беларусь сарапшысы.
Бұл ретте ол Үкімет пен Парламент өздеріне жүктелген қосымша қызметтерді толыққанды атқара алатындығына сенімді екендігін баса айтты.
«Бұл ретте билік органдары (ҚР Үкіметі мен Парламенті автор ескертуі) өздеріне жүктелген қосымша қызметтерді толыққанды атқаратын болады», - деді Давыденко.