Реформалар, сыртқы саясат пен Ұлттық құрылтай – Ғазиз Әбішев соңғы жылдардағы өзгерістер жайында
АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы жылдары елімізде саяси жүйені, сыртқы саясат пен мемлекеттік құрылымды қозғаған салмақты өзгерістер орын алды. саяси шолушы Ғазиз Әбішев бұл кезең, әсіресе 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейінгі мезет ел дамуының бетбұрысты шағы болғанын айтады.
Саяси реформалар: биліктің жаңа жүйесі
2021 жылға дейін елдің негізгі заңы 2007 және 2016 жылдары өзгеріске ұшырап, саяси жүйені икемділіктен айырды.
— Барлығы да үш қабатты арқанмен шанды байланған. Мұның үстіне заңнамада «дұрыс адамдар» үшін «көртышқанның ініндей» ұңғылдар көп болды, — деп атап өтеді Ғазиз Әбішев.
Дегенмен, оның айтуынша, саяси реформалар бағдары жағдайды өзгерте алды. Мемлекет басшысының, күштік құрылымдар мен басты мемлекеттік органдардың партияға мүше бола алмауы мемлекеттік аппаратқа партиялық ықпалды жойды. Саясаттанушының атап өтуінше, енді «мемлекеттік тетік партиялық мүддеге жалтақтамай мемлекет мүддесіне жұмыс істеуі тиіс»
Сондай-ақ ол мынадай салмақты өзгерістерді атады:
— Әкімдерге партиялық лауазымды иеленуге тыйым салу — бұл өңірдегі саяси бәсекелестікті күшейтіп, партия басшыларына жергілікті биліктің жұмысына ықпал ету мүмкіндігін береді;
— Президенттің жақын туыстарына саяси лауазым атқаруға тыйым салу — ағайынға тұра тартудың алдын алатын маңызды тетік (саясаттанушы бірқатар көрші елде мұндай жайт әлі де байқалатындығын айтады);
— Мәжіліс сайлауына мажоритарлық жүйені қайтару — аралас сайлау жүйесін енгізу сайлауды біршама теңгерімді қыла түседі;
— Мәжіліс құрамынан Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған квотаны алып тастау — барынша тәуелсіз әрі ықпалды Парламент құруға бағытталған қадам;
— Саяси партияларды тіркеу шегін төмендету — партияға мүше емес кандидаттар мен шағын бірлестіктер үшін өзін-өзі танытуға жаңа мүмкіндік.
Саясаттанушының пайымынша, бұл реформалар отбасылық-мүдделес топтардың билікті басып алу мүмкіндігін төмендетеді, мемлекеттік аппаратты нығайтып, саяси күштер ортасында шынайы бәсекелестікті қалыптастырады.
Сыртқы саясат: прагматизм мен теңгерім
Қаңтар оқиғасы мен қосарланған билік белгілері жойылғаннан кейінгі бірінші — 2022 жылдың 16 наурызындағы Жолдауда Қазақстан халықаралық қатынастарға жаңа әдісін нақты белгіледі: «Бүгінде жер жүзінде геосаясаттың дүлей дауылы соғып тұр. Сондықтан мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын және ұлттық мүддемізді қорғауды көздейтін стратегиялық бағдардан айнымауымыз керек».
Ғазиз Әбішев бұл бағыт жаһандық тұрақсыздық жағдайында жалғыз дұрыс жол екенін атап өтті.
— Сыртқы саясат эмоцияларға берілмеуі керек, шамадан тыс идеализм мен шетелдік үгіт-насихат жетегіне еріп кетеуі керек. Әлемдік аренадағы күштердің аражігін байсалды бағалап, өзіңнің ұлттық мүдделеріңді есте ұстаған жөн, — деп есептейді саясаттанушы.
Елдің серіктестері — Қытай, Үндістан, Түркия және Парсы шығанағы елдері де осындай прагматизмді паш етеді.
Ұлттық құрылтай: жаһандануға жаңа көзқарас
Ұлттық құрылтайға талқыға түскен тағы бір маңызды тақырып мемлекеттік егемендік мәселесі болды. Қазақстан барлық уақытта да ашық жанжалға бой алдырмай Батыспен сындарлы қарым-қатынас орнатып келе жатыр.
— Оның мәні мынада: Қазақстан еш уақытта Батысты өзіне қарсы қойған емес, Вашингтонмен сындарлы диалог орнатуды жөн көріп, жария кеңістікте қарама-қайшылықты шығарған жоқ. Экономика, дипломатия және қауіпсіздік салаларында белсенді ынтымақтастық орната білді, — деп баса айтады саясаттанушы.
Дегенмен, Ғ.Әбішевтің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта глобалистердің жып-жылмағай сыртқы саясат жүргізе бермегендігі айқын бола түсуде. Кейбір батыстық құрылымдар өздерінің аппаратын сұхбаттау үшін емес, керісінше егемен мемлекетке қысым жасау үшін қолданған.
— Глобалистік идеализм бетпердесінің астында трансұлттық корпорациялардың азулы мүдделері жиі жасырын жатады, — деп атап өтті саясаттанушы.
Осы тұрғыда Ғазиз Әбішевтің айтуынша, «мемлекеттік ұлтшылдық» ұғымы радикалды мағынада емес, елдердің өздерінің этномәдени бірегейлігін сақтауға және егемендігін нығайтуға деген ұмтылысы ретінде ерекше өзекті.
Қазақстан көпполярлы әлем моделін — тәуелсіз мемлекеттер жаһандық идеялардың қысымымен емес, халықаралық құқық өзара іс-қимыл жасайтын жүйені қолдайды.