«Жеке кездесулер барысында көптеген мәселе бойынша нақты жұмыстар жасалды. Солардың көпшілігіне қатысты оң шешім қабылданды және барлығы Ұлттық кеңес хатшылығының бақылауына алынды. Әлеуметтік саладағы жұмыстармен қатар саяси жүйені реформалау және жаңғырту мәселесі көпшіліктің назарында», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті билік бұған қатысты сындарды диалог орнатуға мүдделі екендігін айтты.
«Осы орайда біз Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарынан бөлек мемлекет тарапынан да тың бастамалар көтеріп жатырмыз. Барлық ұсыныстарды талқылай отырып, ортақ пайымға келеміз деп сенемін. Ең бастысы реформалар елді дүрбелеңге салатын емес, тұрақты дамуға бастайтын қадам болуы шарт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.