Реформалар жөніндегі жоғары кеңес: 3 мәселе қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің негізгі отырысы аясында үш мәселе қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық талдау негізінде кәсіпорындарды, қажет болған жағдайда, халықтың жекелеген топтарын қолдау шараларының топтамасын дайындауды тапсырды. Сондай-ақ биылғы республикалық бюджет қайта қаралды.

Жоғары кеңестің негізгі отырысы аясында үш мәселе қарастырылды. Олар: мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін күшейту, инвестициялық саясатты жетілдіру, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалау.