Регби-7-ден ҚР әйелдер құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сеулде (Оңтүстік Корея) Регби-7 бойынша Азия сериясының I кезеңі басталды. Қазақстанның әйелдер құрамасы құрлықтық біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық регбиші қыздар таиландтық қарсыластарын 12:0 есебімен ойсырата жеңді. Бүгін еліміз спортшылары тағы бір матч өткізеді. Бұл жолы олар Қытайдың ойыншыларына қарсы ойын көрсетеді.

Жеребе қорытындысына сәйкес, Қазақстан командасы регби-7 бойынша D тобына түскенін атап өту керек. Қазақстандықтардың қарсыластары – Таиланд, Қытай және Сингапур спортшылары. Әр топтың алғашқы екі командасы (C және D, А және В литерлері ерлер турнирінің топтарына тиесілі) 1-4 орындар үшін плей-оффтың жартылай финалына шығады. Топтық турнирдің үшінші және төртінші орындарын алған командалар плей-аутте 5-8 орындар үшін таласады.