АСТАНА. ҚазАқпарат – Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерланд астанасында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы дəстүрлі бəсекеде 7 ойынның барлығында жеңіске жетті. Бұл қатарда Латвия құрамасы мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтар бар.
Айта кетсек, ел құрамасы финалда былтыр да аталған турнирде жеңімпаз атанды. Ал, 2019 жылы қазақстандық «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұғырына көтерілді.
Халықаралық турнирдің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің бірі саналады. Турнир алғаш рет 1972 жылы өтті.
Еске салсақ, бұдан бұрын регбиден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.