НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Регбиден қыздар арасындағы Олимпиада ойындарына іріктеу турниріне қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турнир 19-20 маусым күндері Монако мемлекетінде өткізіледі.
Бас бапкер Анна Яковлева ұлттық құрама сапында ойынайтын спортшылар тізімін жариялады. Олардың қатарында Диана Абишева, Нигора Нурматова, Дарья Ткачева, Людмила Шерер, Алина Аскерова, Балжан Қойшыбаева, Құндызай Бақтыбаева, Влада Однолеток, Диана Қазыбекова, Вероника Степанюга, Мария Гришина және Галина Красавина ойнайтын болады.
Айта кетерлігі, регбиден Қазақстан құрамасы аталған турнирде В тобында ойнайды. Қарсыластары - Жаңа Гвинея, Ямайка және Тунис.
Регбиден Қазақстан қыздар құрамасы Азияда үздіктер қатарында саналады. Олар жеті мәрте Азия чемпионы атағын жеңіп алса, бір мәрте Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.