«Танымал драманың жалғасы 28 мамырдан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі», - деп жазады актриса.
Киноның түсiрiлiмі Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өттi. Басты кейiпкерлердiң рөлдерiн Саят Исембаев, Әсел Сағатова, Жан Байжанбаев, Фархад Әбдірайымов, Дастен Шәкіров, Аян Өтепберген, Аружан Жазылбекова мен Максим Акбаров сомдады.
Еске сала кетейiк, «Рэкетирдiң» алғашқы фильмi 2007 жылы жарыққа шықты. Фильм тоқсаныншы жылдары бандыларға қосылып кеткен жас боксшы Саян Беккәрiмов туралы баяндайды.