РЕКОРД: Баскетболшы 100 метр биіктіктен себетке доп тастады. ВИДЕО

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Роттердамда Кайл есімді баскетболдың әуесқой ойыншысы рекорд орнатты: оның 98 метр биіктіктен лақтырған добы себетке дәл түсті.

Әлемдік рекордты жаңарту үшін спортшы Нидерланды қаласының әйгілі «Еуромаст» мұнарасына шыққан. Ал себет мұнараның дәл астына орнатылған. Баскетболшы допты дәл тигізе алды.

Алайда, ойлағанын жүзеге асыру үшін Кайл бірнеше мәрте доп тастап көрген, деп хабарлайды РБК.