Өткен жылдың күзінде 51 жастағы кәсіпкер Афанасий Бубякин Гиннестің рекордттар кітабына өтініш қалдырып, ол қабылданған. Ол ең төменгі температурада көшеде би кешін ұйымдастыратынын айтқан.
Идея авторы Афанасий 70 жылдары жергілікті клубта диджей болған.
Жергілікті тұрғын Владислав Третьяковтың сөзіне қарағанда, рекорд орнату үшін би кешіне қатысушылар қақаған аязда 30 минут билеуі тиіс еді. Алайда оларға шара ұнап, оны тағы бір сағатқа созған.
Әлемдегі ең аязды би кешінің жасы ең үлкен қатысушы 100 жастағы Мария Кокорина болды.