Ұйымның деректеріне сенсек, 339 грамм салмақтағы бұл монета XVII ғасырда Испания коронасы шығарған ең үлкен алтын монета болып табылады. Монета күнделікті айналымға арналмаған, ол Испания патшалығының байлығы мен билігін көрсету мақсатында жасалған.
Аукцион үйінің мәліметі бойынша, монета Сеговия қаласында Американы жаулап алған испандықтар әкелген алтыннан соғылған. Монетада Кастилия мен Леон, Арагон, Португалия, Австрия, Бургундия, Брабант және сол кезде Габсбургтер бақылауындағы басқа да аймақтардың гербтері бейнеленген. III Филипптің тапсырысы бойынша 1614–1620 жылдар аралығында осы номиналды бірнеше монета тағы соғылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Титаникте» қаза тапқан жолаушының сағаты аукционда 2,3 млн долларға сатылғанын жазған едік.