Ғани Бесбаев 1997 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Экономикалық кибернетика» мамандығын меңгерді. Еңбек жолын аталған оқу ордасында зерттеуші-стажер болып бастап, аспирант, «Математикалық әдістер және модельлеу» кафедрасының оқытушысы, педагогикалық сырттай оқыту факультетінің деканы, Қашықтан білім беру институты директорының орынбасары, «Ақпараттық технологиялар және энергетика» Жоғары мектебінің деканы қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ, Ж. А. Ташенов атындағы университеттің «IT және экономика» факультетінің деканы болды. М. Әуезов атындағы ОҚУ «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының доценті, М. Әуезов университетінде әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры лауазымдарында еңбек етті.
Айта кетейік, бұдан бұрын М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшысы күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.