«Шамамен 10жыл бұрын ер адам Герсталь қаласындағы барлардың бірінде қаржылай қиналыпжүрген адаммен кездейсоқ жолығып, әңгімелескен. Артынша бельгиялық азамат өзінің жаңатанысына қаржылай көмектесу үшін одан Иусус бейнеленген суретті 500 еуроға сатып алған», -деп жазады басылым.
Артынан ерадам суретті өзінің өнерге қызығатын танысына көрсеткен. Ол бұл суретті сатыпалынған бағасынан әлдеқайда қымбат екендігін айтқан. Сурет сараптамаға жіберіліп, құны30 млн еуро деп бағаланды. Мамандардың айтуынша, туындыда Рембрандт ван Рейннің жұмыстарынатән ерекшелік бар.
Рембрандт(Рембрандт Харменс ван Рейн, 1606-1669 жылдар) – голландиялық суретші, өрнекші,сәуле мен көлеңке шебері, голландиялық сурет өнерінің алтын ғасырының ірі өкілі.