Рембрандтың бұрын белгісіз болып келген ғажайып туындысы Шотландияда үй шатырынан табылды

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Рембрандтың (1606-1669) бұрын белгісіз болып келген туындысы Шотландияда үй шатырынан табылды.

 Шетелдік БАҚ хабарлағандай, сарапшылар жанында кішкентай бала мен итті жетектеген зағип кедейдің суреті бейнелеген туындының қара пастелмен салынғандығын растады. Сонымен қатар бұл құнды шығарма XVII ғасырда шебер суретші  салған деп жүрген, Берлинде сақталған суреттің көшірме екендігін көрсетті. Ғажап туындыларды шкафтың ішінен тауып алған үйдің иесі «Критис» аукцион үйіне хабарласқан. Олар суреттің авторын бірден тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі жазды.