Бұл ретте ұлттық құрама ойыншысы Қазақстанның футбол командасы басқалармен салыстырғанда әлдеқайда жастау екенін, солай бола тұра күн сайын шеберліктерімен шыңдалып жатқанын алға тартады. «Мен жанкүйерлерді Қазақстан мен Исландияның ойынын тамашалауға шақырамын. Кез келген футболшы үшін жанкүйерлер тарапының қолдауын сезіну жауапкершілікті арттыра түседі. Сондықтан да, біз алаңда бар күшімізді салып, жанкүйерлерді жерге қаратпауға тырысамыз», - деді ол.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Исландия арасындағы іріктеу турнирінің матчы елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінде 28 наурызда сағат 21:00-де өтеді.