АСТАНА. KAZINFORM – Бельгиялық сюрреалист-суретші Рене Магриттің 1954 жылы салған «Жарық империясы» картинасы Christie's аукционында 121,2 млн долларға сатылды. Бұл суретшінің жеке рекорды, деп хабарлайды Kazinform The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.
Картина негізінен 95 млн долларға бағаланған. Осы туындысын сату арқылы Магритт 20-дан аз суретші кіретін элиталық клубқа қосылды. Картиналары тоғыз таңбалы сомаға сатылған бұл суретшілердің қатарында Пабло Пикассо мен Леонардо да Винчи бар.
Сонымен қатар бұл 2024 жылы суретшілердің арасында картинасы аукционда 100 млн доллардан астам сомаға сатылған бірінші жағдай.
«Жарық империясы» - бельгиялық суретшінің 1949-1964 жылдар аралығында салған картиналар сериясынан. Онда сол сюрреальды көріністің вариациялары бейнеленген. Қара түнекке малынған үй күндізгі көк бұлттың фонында салынған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.