«Бұл сәтті жұртшылық көптен күткен еді», - деп мәлімдеді бейсенбі күні мұражай директоры Дорин Болгер.
Мұражайға келушілер таяу күндері картинаны тамашалай алады. Бұл көрсетілімнің басты жаңалығы болмақ. Әңгіме «Пейзаж на берегу Сены» туындысы туралы болып отыр. Оны Виргиния тұрғыны Марта Фукуа базардан 7 долларға сатып алған.
Бұл жағдай БАҚ-тың ерекше назарына ілікті. 1951 жылы Балтимор мұражайынан ұрланғандығына байланысты өткен жылдың басында картина тәркіленген болатын. Фукука сот арқылы картинаға құқығын дәлелдеп, мүлікті қайтарып алуға тырысты.
Алайда осы жылғы қаңтарда Александрия қаласы (Виргиния штаты) округтік сотының судьясы Леони Бринкема, «егер бұл зат ұрланған болса, ешкімге меншік құқығы берілмейтіні туралы» үкім шығарды. Балтимор мұражайы болса, картинаның ұрланғандығы туралы құжаттамалық куәлік берді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.