Рэп орындаушы Гуф есірткіге байланысты әуежайда ұсталды

rong>АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Атақты ресейлік рэп орындаушы Гуф есірткі тасымалдады деген күдікпен Якутск қаласының әуежайында ұсталды. Бұл туралы Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Қиыр шығыс Федералдық қызметі басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Әңгімелеушінің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда азамат Кузнецовке (рэп орындаушының шын аты) қатысты тексеріс жүргізілуде.

Дереккөз тергеудің мүддесін алға тартып, тұтқындау себебін баяндаудан бас тартты, деп жазады «Комсомольская Правда».

Гуф жергілікті «Парадокс» клубында концерт беру үшін жұма, 9 қыркүйекте Якутскке ұшып келді. Дегенмен, мына оқиғаға байланысты іс шараны өткізу мәселесі белгісіз болып тұр.