Reuters агенттігінің хабарлауынша, концерт өтетін арена тұрағындағы автобустан белгісіз біреу бағалы заттар салынған сөмкені ұрлап кеткен.
Қалалық полиция өкілі Винс Льюистің айтуынша, автобус Дрейк және Future қатысуымен Финиксте өтетін шоу үшін жалға алынған. Дрейк пен Future Финикске Summer Sixteen Tour гастрольдік сапары аясында келген.
Обри Дрейк Грэм - Дрейк шығармашылық лақап атымен өнер көрсететін танымал рэпер, атақты «Грэмми» сыйлығының, үш "Джуно" және алты Black Entertainment Television сыйлығының лауреаты. Оның альбомдары 5 миллион данамен таралған.