Репертуарлық саясат басқармасы театрлардағы сапасы төмен репертуарларды елеп-екшейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрылымындағы репертуарлық саясат басқармасы облыстық театрлардың сапасы төмен репертуарларын елеп-екшейді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Юрий Якушев осылай мәлім етті.

«Репертуарлық саясат бөлімі бөлім театрларда, әсіресе, облыстық театрлардағы сапасы төмен драматургияға тиісті тосқауыл қою үшін жұмыс істейді. Облыстық театрлар әкімдік тарапынан қаржыландыруға тәуелді, сондықтан оларға не көрсету керектігі жайында нұсқаулар беріліп келді. Сахнаға жақын туыстарының атын шығаратын спектакльдер немесе елімізге, сондай-ақ облысқа қатысты мән-маңызы жоқ оқиғалар шығарылып жүрді. Сәйкесінше, бұл театрға мәдени залал кетіреді»,-деді ол.

Өз кезегінде Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов әріптесінің сөзін құптады.

«Министрлік құрылымында осындай бөлім бар болғаны өте дұрыс, яғни олар облыстық театрларға дұрыс бағыт бере алады»,-деді ол.