Наурыз мейрамын түрлі ұлт өкілдері - қазақтар, тәжіктер, түркімендер, әзербайжандар, қырғыздар, сириялықтар, ирандықтар, т.б тойлайды. Олардың көбі Беларусь елінде тұрады.
«Минск қаласындағы мереке бірінші рет кең көлемде атап өтілді. Ол бұрын да өткізілгенімен, биыл Беларусь елінің Мәдениет министрлігіне Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан Елшіліктерінің өкілдері бірлескен Наурызды ұйымдастыру бастамасымен келді. Біз енді оны осындай форматта жыл сайын өткіземіз деп ойлаймын», - деп атап өтті Ұлттық мәдениеттердің Республикалық орталығының директоры Михаил Рыбаков.
«Бүгін мұнда 350-ге жуық адамды жинаған мереке диаспоралардың төл мәдениеттерін ғана емес, Беларусьтің бірегейлігін көрсетіп отыр. Өйткені осында тұратындардың барлығы бір бүтін болып табылады», - дейді Михаил Рыбаков.
Оның бұл сөзін Қазақстан Елшілігінің кеңесші елшісі Айдар Шалбаев та құптады «Отбасымызбен Беларусьте тұрып жатқанымызға үш жыл болды, осы уақыт аралығында ешқандай проблема болған емес. Балалар үшін алаңдаушылық жоқ, мұнда тыныштық, бейбітшілік орнауда. Беларусьте жайлы тұрып жатырмыз. Халқы да өте ашық. Адамдар әрқашан көмекке келуге асығады», - деп бөлісті өз ойымен Айдар Шалбаев.
Наурыз бүкіл әлемде тойланады, тіпті ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне де енгізілген, ал 21 наурыз Халықаралық Наурыз күні деп есептеледі. Сондықтан 140-қа жуық ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатқан Беларусь елінде оның көңілді әрі кең көлемде атап өтіледі.