Ресей 31 тамызға дейін бензин экспортына тыйым салды

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей үкіметі 2025 жылдың 31 тамызына дейін мұнай өнімдерін өндірушілер үшін бензин экспортын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы министрлер кабинетінің Telegram-арнасындағы хабарламада айтылған. Бұған дейін шешім өндіруші емес компанияларға ғана қатысты болатын, деп хабарлайды ТАСС.

Фото: pixabay.com

Министрлер кабинеті Ресей үкіметі мұнай өнімдерін өндірушілерге бензин экспортына шектеуді 2025 жылдың 31 тамызына дейін ұзартқанын мәлімдеді. Тиісті қаулыға қол қойылды.

Сондай-ақ мұндай шара сұраныс жоғары уақытта және ауылшаруашылық дала жұмыстары кезінде ішкі отын нарығындағы тұрақты жағдайды бекіту үшін қабылданғанын қосты.

Қаулы мәтінінде тыйым салу «(құжат) ресми жарияланған күннен кейін бір күн өткен соң» 29 шілдеде күшіне енетіні жазылған.

Бұған дейін ТАСС ақпарат көздеріне сілтеме жасап, ведомстволар 1 тамыздан бастап өндірушілер үшін бензин экспортына тыйым салу туралы шешім әзірлеп жатқанын хабарлаған. Ол кезде 1-2 айға шектеулер енгізу арқылы нұсқалар қарастырылып жатқан болатын.

Бензин экспортына шектеу тамыз айының соңына дейін өндіруші емес компанияларға ғана қатысты болады.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак бұған дейін үкімет қажет болған жағдайда бензин экспортына, оның ішінде өндірушілерге де толық тыйым салуы мүмкін екенін хабарлаған. Мұндай шараның қажеттілігін түсіну үшін агенттіктерге жанармай нарығындағы жағдайды бағалау керек болды.

Бұған дейін Қазақстанда бензин, дизель және автогаз бағасы қандай екенін жазған болатынбыз.