Ресей ауыл шаруашылығын бақылау мекемесі бұл шара туралы 10 маусымда хабарлаған. Ресейге Камерун, Сьерра-Леоне, Конго Демократиялық Республикасынан фитосанитарялық қаупі жоғары өнімдер, сонымен қатар Кот-д'Ивуар, Бенин, Нигерия, Гвинея-Бисау, Гвинея Республикасы мен Буркина-Фасодан әкелінетін алмұрт, алма, құлпынай, қызанақ пен саңырауқұлақтар тек ресейлік шекарадағы өткізу бекеті арқылы және сол елдердің сертификаты болған жағдайда ғана өткізіледі.
Жұма күні Данкверт Африканың бірқатар елі Еуропа елдеріне азық-түлік жеткізбегенін ресми түрде растағанын мәлім етті.