Ресей АҚШ-қа байытылған уран экспортын шектеді

Уақытша шектеу туралы тиісті құжат үкімет сайтында жарияланды, деп хабарлайды ТАСС.

Фото: Петр Сивков/ТАСС

– Бұл мәселе байытылған уранды АҚШ-қа экспорттау туралы немесе Америка Құрама Штаттарының юрисдикциясында тіркелген тұлғалармен жасалған сыртқы сауда келісімдері бойынша туындап отыр. Техникалық және экспорттық бақылау федералды қызметі берген бір реттік лицензиялар негізінде жеткізілімдер ерекшелік болып табылады, - деп жазды министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.

ТАСС хабарлағандай, бұл шешім АҚШ-тың 2024-2027 жылдарға енгізген шектеуіне, ал 2028 жылдан бастап ресейлік уран өнімдерін импорттауға тыйым салуға жауап болып саналады.

Ресей президенті Владимир Путин қыркүйек айында үкіметпен кездесуінде стратегиялық шикізатты сыртқы нарыққа жеткізуді шектеу мүмкіндігін талдауды тапсырды.

Kazinform-ға арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.