Ресей әскери соты осы аптада «Крокус» ісі бойынша 19 айыпталушыдан жауап алады

Фото: Сергей Фадеичев/ ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM — «Крокус Сити Холлдағы» теракт бойынша қылмыстық іс жөніндегі мемлекеттік айыптау 149 адам қаза тапқан осы оқиғаға қатысты дәлелдерді сотта ұсынуды аяқтап, осы аптада 19 айыпталушыдан жауап алуға көшеді. Бұл туралы ТАСС жазды.

ТАСС агенттігіне 2-Батыс округтік әскери сотының көшпелі отырысында өтіп жатқан процеске қатысушылардың бірі хабарлады.

«Осы аптада мемлекеттік айыптау дәлелдерді ұсынуды аяқтап, 19 сотталушыдан жауап алуға көшуді жоспарлап отыр», деді агенттіктің ақпарат көзі.

Бұл ақпаратты ТАСС-пен әңгіме барысында 127 жәбірленушінің мүддесін қорғап отырған адвокат Людмила Айвар да растады.

Еске сала кетейік, былтыр наурызда Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар оқ жаудырған еді. Салдарынан 149 адам қаза тапты.

Ал осы терактіге қатысы бар шетелдіктер 15 жылға сотталуы мүмкін.