Шереметьево әуежайында 69 рейс кейінге қалдырылып, 2 кешігіп жатыр. Домодедовода 16 рейс тоқтатылып, біреуі кешігуде.
Жақында «Аэрофлот» авиакомпаниясы ауа райының нашарлауына байланысты астанадағы Шереметьево әуежайында сейсенбі және сәрсенбіге жоспарланған 31 әуе рейсінің кейінге қалдырылғанын жария еткен болатын.
Ресей синоптиктері 2 наурызда Мәскеу қаласына 20 мм қар түседі деп болжаған еді, бұл айлық норманың 60 пайызы.